Біз XXІ ғасырға әлем таныған тәуелсіз ел болып қадам бастық.  XXІ ғасыр – білім ғасыры. Студенттердің білімге қызығушылығын арттыру мақсатында барлық кафедраларда үйірмелер жұмыс жасайды. Оқу үрдісі жоғары оқу орнының талабына сай деңгейде жүргізіледі. Таңертең сабақ Қазақстанның әнұранымен басталады. Қазіргі таңда білім беру саласын ақпараттық технологияларсыз көзге елестету қиын. Сондықтан оқу үрдісін озық  ақпараттық технологияларға сәйкес оңтайландыру бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі. Университетте  оқу - әдістемелік басқарма өз жұмысын заман талабына сай атқарып келеді. Оқу - әдістемелік басқармасында оқулықтарды, оқу - әдістемелік құралдарды, оқу - әдістемелік нұсқауларды, лекция жинақтарын, жаңа заманауи ақпараттық технологиялар негізінде электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері шешілген. Университетте  әрбір электронды оқу құралы кітапхана қорын  ұлғайтуға біршама септігін тигізетінін ескеріп, электронды оқу құралын шығару мәселесін әрбір кафедра дұрыс жолға қойған.

Соңғы 2 жыл ішінде университеттің оқу - әдістемелік басқармасынан төмендегідей электронды оқу құралдары мен  оқу - әдістемелік құралдары жарық көрді:

«Қазақстан тарихы» беттерінен, «ҚР Мемлекеттік наградалары» әдістемелік көрнекі оқу құралы, Phonoshop құпиялары 1,2 Электронды кітап, «Паскальдан олимпиадалық есептер жинағы» көрнекі оқу құралы, «Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы», «Салық және салық салу», «Педагогика тарихы», «Педагогикалық шеберлік», «Кәсіпорын экономикасы», «Еңбекке баулуды оқытудың әдістемесі», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілі», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазақ тілінің семантикасы», «Қазақстан тарихы» және т.б. пәндерден электронды оқу құралы. Http Shspukaz. Ucoz. Kz адресімен университеттің веб - сайты 2007-2008 оқу жылында  ашылған. Университетіміз материалдық базасы МАБ өткізу талабына сай деп танылып, студенттерді мемлекеттік аралық бақылаудан өткізуге рұқсат берілді.

Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық үрдісті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек. Болашақ мұғалім мамандарды дайындау жүйесінде педагогикалық іс-тәжірибе негізгі роль атқарады және жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық үдерістен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және тәжірибелік  бірлігін қамтамасыз етеді. Университеттегі оқу, өндірістік және диплом алдындағы іс – тәжірибелер  сапалы ұйымдастырылып, мамандарды дайындаудың мақсаттарымен сәйкес жүргізіледі. Іс-тәжірибенің барлық түрі болашақ мамандықтың шарттарына сәйкестендіріліп жасалған және мазмұны мен мерзімі, бағдарламалар мен оқу жоспарларына, мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарына және басқа да заңнамалық – құқықтық құжаттарға сәйкес ұйымдастырылып, жүзеге асырылады.

Барлық кафедралардағы шығарушы әр мамандық бойынша іс-тәжірибе ережелері, бұрышы жасалып іс-тәжірибенің  базалары ретінде материалды техникалық базасы талапқа сай, білікті мамандары бар мекемелер таңдап алынған және олармен екі жақты келісім – шарт жасалған. Атап айтқанда Шымкент қаласында орналасқан №56 С.Көбеев атындағы, №77 А.Асқаров атындағы, №51 Төле би атындағы, №4 Х.Досмухамедов атындағы, №62 Н.Төреқұлов атындағы мектептермен, Б.Саттарханов атындағы спорт мектеп-интернаты, №47 Т.Тәжібаев атындағы тарихи – гуманитарлық мектеп гимназиясымен, №13 Мукими атындағы, №26 Ж.Жабаев атындағы, №33 орта мектептері мен №2 дарын мамандандырылған лицейі, №50 А.Байтұрсынов атындағы көп салалы мектеп гимназия, Қолданбалы археология өнер мұражайы, Оңтүстік Қазақстан облысы саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы, Шымкент қалалық балалар өнер мектебі, №3 балалар үйі және университет жанындағы  «Жалын» әлеуметтік – педагогикалық колледждерінде  келісім – шарт негізінде университетіміздің болашақ мамандары педагогикалық және өндірістік іс-тәжірибелерден өтеді.  

Университеттің оқу үрдісін басқаруға автоматтандырылған «Жалын» басқару жүйесі ендірілді. Аталған жүйе  Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің 2009 жылдың 8 желтоқсандағы куәлігімен «Жалын» деп аталатын (ЭЕМ арналған бағдарлама) меншік объектісі болып тіркелді.   Жүйеде: Электронды журнал, ағымдық бақылау, емтихан тізбелерін шығару, ағымдық бақылау және емтихан тізбелер жиынтығын шығару. Оқытушылар мен студенттерді енгізу, оларға логин және пароль беру. Тест сұрақтарын дайындау, нәтижелерін шығару. Тьютерларды  өтетін пәндері бойынша топтарға бекіту. Тьютер мен  студенттер арасында интернет арқылы байланыс,  сұрақ -  жауап, бақылау жұмыстары, өзіндік жұмыстарды қабылдап, тексеру, студенттің интернет арқылы тест тапсыруы, пәндердің электронды әдістемелік кешені қамтылған.

Астана қаласында 2010 жылдың ақпан айының 17-19 күндері аралығында «ХХІ ғасырдағы Білім мен ғылым - 2010» атты Қазақстанның VII – ші Халықаралық көрмесі өтті. Көрмеге университеттің оқу үрдісін басқарудың автоматтандырылған «Жалын» жүйесін оқу процесінде қолдану мүмкіншіліктері,  веб сайттар, оқу – әдістемелік кешендер көрсетіліп, Білім министрінің арнайы дипломымен марапаттады.   

Университетте білім беру порталы ашылды. Бұл дегеніміз интернет арқылы оқу үрдісін толық басқару. Ақпарат алу, студент өз үлгерімін көру, сабақ кестесі, емтихан кестелерін және басқа да мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Студент университетке келмей интернет арқылы тест тапсыруына мүмкіндігі бар. Ата – аналар өз баласының үлгерімін интернет арқылы бақылап, мәлімет алып отыруына болады. Бұл дегеніміз университетке деген сенімнің жоғары болуында.

Поделиться: